
- «Таразтрансэнерго» МКК инвестициялық бағдарламаның іс –шараларын орындау шеңберінде баспасөз-туры
- 2024 жылдың 28 тамыз күні «Таразтрасэнерго» МКК-ның 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламасының орындалуы бойынша «Тараз қаласындағы Сыпатай батыра, Толе би, Турысов көшелеріндегі М-1 жылу магистралін қайта құру», «ЖҚ-220-дан К-2-ге дейінгі Қойгелді және Пушкин көшесіндегі ішкі кварталдық жылу желілерін күрделі жөндеу» жобалары бойынша баспасөз-туры өткізді.
- Баспасөз-туры ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық тұрғын – үй шаруашылық басқармасы, «Amanat» партиясының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ-ның және «ТТЭ» МКК өкілдері қатысты.
- «Тараз қаласындағы Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелеріндегі М-1 жылу магистралін қайта құру» жобасы бойынша:
- Бүгінгі таңда Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелері бойынша ЖЭО-4 жылу көзінен өтетін жалпы ұзындығы 6,1 шақырым М-1 магистральдық желісін қайта жаңарту қажеттілігі өткір тұр. Бұл жылу желісі 1990 жылдан бастап – 34 жыл пайдаланып келеді, ал құбырдың пайдалану мерзімі нормативтік ресурсы бойынша 25 жылды құрайды.
- 2024 жылы қайта жаңғырту жобасын іске асыру үшін бюджеттен 7,1 млрд. теңге бөлінген. Жабаның тапсырушысы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ал бас мердігер «Сарыағаш-Аман» ЖШС-гі. Техникалық қадағалаушы «АДС САПА» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Институт «КазНИПИ Энергопром» АҚ.
- Құрылыс-монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың 19 сәуірінен басталған. Ағымдағы жылы М-1 магистарлдық жылу желісі ТЭЦ-4 аумағынан бастап Сыпатай батыр, Төле би көшелерінің бойымен Жамбыл даңғылына дейін жалпы ұзындығы 4,6 шақырым диаметрі 600 мм құбырын ауыстыру қарастырылған. Бүгінгі күнге демонтаж жұмыстары аяқталды, құрылыс жұмыстары жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Жоспарға сәйкес қайта жаңғырту жұмыстары кезен-кезенімен абаттандыру жұмыстарымен, жолдың асфальт жабындысын қалпына кетіру жұмыстары ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін атқарылады.
- ЖҚ-220-дан К-2-ге дейінгі Қойгелді және Пушкин көшесіндегі ішкі кварталдық жылу желілерін күрделі жөндеу бойынша:
- Ағымдағы жылы «Таразтрансэнерго» МКК-ны 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарлама шеңберінде өз қаражаты есебінен жалпы ұзындығы 110 метр ЖҚ-220-дан К-2-ге дейінгі Қойгелді және Пушкин көшесіндегі ішкі кварталдық жылу желілерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- Нәтижесінде 2 көппәтерлі тұрғын үй, 4 заңды тұлғалар (ОЖБО, гуманитарлық колледж, Тараз болашақ медициналық колледж, облыстық әкімдіктін гаражы) үздіксіз сапалы жылу энергиясымен қамтамасыз етілетін болады.