1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Таразтрансэнерго» МКК ұжымы Тараз қаласындағы қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығындағы тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар табыстады. Іс-шара барысында балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланып, әлеуметтік қолдау көрсетілді.
Балалардың жарқын болашағы мен бақытты балалық шағын қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы орайда «Таразтрансэнерго» МКК ұжымы жыл сайын балаларға қамқорлық пен қолдау көрсетуді жалғастыра береді.