«Таразтрансэнерго» МКК қызмет түрлері бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілді: -жылу энергиясын беру және тарату (ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 18.02.2005 жылғы №56-НҚ Бұйрығы). - жылу энергиясын өндіру және жабдықтау бойынша (31.01.2020 жылғы № KZ04VFF00002277 куәлік). Жамбыл облысы әкімінің м.а. Б.Орынбековтың 2019 жылғы 14 қаңтардағы №4 қаулысы негізінде Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Темір Жол-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Таразтрансэнерго» МКК-на қосылу жолымен қайта ұйымдастырылды. 2020 жылғы 31 қаңтардан бастап «Таразтрансэнерго» МКК кәсіпорыны табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік бөлімінің жергілікті бөліміне енгізілді. Тарифтер мен тарифтік сметалар бөлек бекітілді. «Таразтрансэнерго» МКК қайта ұйымдастыру нәтижесінде «Темір Жол-Жылу» МКК оның меншігіне активтер түскен сәттен бастап тұтынушыларға жылу энергиясын беруді жалғастыруда. Магистральдық жылу трассасы мен ішкі кварталды жылу желілерінің ұзындығы-12,1 км, оның ішінде магистральдық желі 4,3 км, ішкі кварталды желілер 7,8 км. Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінде табиғи газбен жұмыс істейтін 7 қазандық бар. Мекен-жайлар бойынша:
Активтердің теңгеріміне қабылданғаннан кейін кәсіпорын жылу энергиясымен жабдықтауды жалғастыруда: Темір жол массивінің 96 үйінде тұратын, жылыту алаңы-112 мың м2; басқа тұтынушылар - 61 (заңды тұлғалар): білім беру объектілері – 7: оның ішінде мектеп– 3 (16, 22, 24), мектепке дейінгі мекемелер– 4 (21, 23, 31, 19); темір жол бөлімшесінің қызметтік-техникалық ғимаратының объектілері, сондай-ақ басқа да тұтынушылар (дүкендер, дәріханалар және т. б.)) 96 үйдің 19-ында ЖҮЕА орнатылған, 77 үйде ЖҮЕА орнату техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Элеваторлық тораптардың болмауына байланысты. Ыстық сумен жабдықтауды 19 үйдің "Газовая" қазандығының абоненттері алады, абоненттер саны – 836 пәтер. 2020-2021 жж. жылыту маусымына дайындық бойынша "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен Байзақ батыр көшесі 229а мекенжайындағы "Газовая" қазандығын ағымдағы жөндеуге 50 млн.теңге және Байзақ батыр көшесі (№24 мектепке қарама-қарсы) және Балуан Шолақ көшесі (Вокзал ауданы) бойынша 55 млн. теңге жылу желілерін жаңғыртуға бөлінді. "Газовая" қазандығын ағымдағы жөндеу бойынша: ДКВР бу қазандықтары 6,5/13 - 2 қазандықтардың 88%, белгіленген қуаты - 3,30 гкал/сағ., қазандықтардың пәк – 92%, белгіленген қуаты - 4,0 гкал/сағ. маркалы су жылыту қазандықтарына ауыстырылды, Байзақ батыр көшесі (№24 мектепке қарама – қарсы) бойынша – құбырлардың диаметрі д219, 100x2=200м және Балуан Шолақ көшесі (теміржол вокзалына қарама – қарсы) бойынша – құбырлардың диаметрі д273, 300х2=600м. Осы жұмыстардың тапсырыс берушісі Жамбыл облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы болып табылады. Мердігер ұйым - "TarazOrdaInvest"ЖШС болып табылады.