ТаразТрансЭнерго
Tilda Publishing
Тарихы
Tilda Publishing
Таразтрансэнерго, taraztransenergo, таразтрансэнерго, тараз, гкп на пхв, ГКП на ПХВ, ГКП на ПХВ Таразтрансэнерго
Жамбыл облысы Әкімінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 225 қаулысымен «Таразтрансэнерго» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жылу энергиясын беру және тарату жөніндегі қызмет түрімен құрылды. Кәсіпорын мүлкі мемлекет атынан меншік иесі Жамбыл облысының әкімдігі болып табылады. Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы департаменті «Таразтрансэнерго» МКК акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын анықтайды.
«Жамбыл облысының коммуналдық меншік департаменті» мемлекеттік мекемесінің 08.09.2004 ж. № 174 қаулысымен «Таразтрансэнерго» МКК Жарғысы бекітілді. Алғашқы мемлекеттік тіркелген күні 22.09.2004 ж. және қайта тіркеуден өткен күні 18.08.2020 ж.
«Таразтрансэнерго» МКК мекенжайы: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Исатай көшесі, 8 "А" үй,
Жамбыл облысы әкімдігі 2004 жылғы 1 қазанда "Жылу энергиясын беру және тарату", "қысыммен жұмыс істейтін энергетикалық жабдықтар мен құбыржолдарды пайдалану және жөндеу" қызмет түрлерімен айналысуға бас лицензияны берді.
«Таразтрансэнерго» МКК қызмет түрлері бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілді:
-жылу энергиясын беру және тарату (ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 18.02.2005 жылғы №56-НҚ Бұйрығы).
- жылу энергиясын өндіру және жабдықтау бойынша (31.01.2020 жылғы № KZ04VFF00002277 куәлігі).
Жамбыл облысы әкімінің м.а. Б.Орынбековтың 2019 жылғы 14 қаңтардағы №4 қаулысының негізінде Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Темір Жол-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Таразтрансэнерго" МКК-ға қосылу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Кәсіпорын қызметінің түрлері:
1. Жылу энергиясын өндіру, беру, тасымалдау және бөлу және (немесе) жабдықтау. Көрсетілген қызметтер үшін төлем алымы;
2. Қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды, сондай-ақ қауіпсіздік автоматикасы және аварияға қарсы қорғау мен сигнализацияны бақылау жүйесі аспаптарын дайындау, монтаждау, пайдалану, жөндеу және қадағалау;
3. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы, жылуды және ыстық сумен жабдықтау шығыстарын есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату (коммерциялық есепке алу аспаптарын), пайдалану және жөндеу;
4. Жылумен жабдықтау құрылыстарының сыртқы және ішкі инженерлік желілерінің технологиялық жабдықтарын (қазандарды, сорғыларды және басқа да жылу техникалық жабдықтарын) жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар;
5. Қазандықтар мен басқа да жылумен жабдықтау объектілерін, әлеуметтік-мәдени объектілер мен тұрғын үйлерді тұрғызу;
6. Құбырларды коррозиядан жылу оқшаулау бойынша жұмыстар;
7. Жылумен жабдықтау объектілерінің арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары;
8. Жер жұмыстары;
9. Қауіпті өндірістік объектілердің жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру.

Өзге қызмет:
1. Жылыту жүйесі және ыстық сумен жабдықтауға техникалық қызмет көрсету;
2. Элеватор торабын тексеру;
3. Бекіту арматурасын тексеру;
4. Құбыр учаскелерін ауыстыру;
5. Жеке тұрған заңды тұлғалардың ішкі жылу жүйесіне гидрооқшаулау жүргізу.
Байланыстар

Телефон: 8 (726) 234-35-87 (приемная)
Телефон: 8 (726)2-34-37-28 (диспетчер)
Почта: taraztrans1@mail.ru
Мекен-жайы: Исатай көшесі 8А
Жұмыс уақыты
8:30 - 17:30 ДС - ЖМ
Made on
Tilda