ТаразТрансЭнерго
Техникалық шарттар
Тұтынушыларды жылу энергиясына қосуға арналған техникалық шарттар
8. Тұтынушылардың объектілерін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар:
1) жаңадан қолданысқа берілетін объектілерді жылу желілеріне қосу;
2) тұтынушының жылуды тұтынатын құрылғыларының жаңғыртылуына және кеңеюіне байланысты тұтынылатын жылу энергия мөлшерінің (немесе жылу жеткізгіш параметрлерінің) өзгеру және қолданыстағы техникалық шарттармен сәйкес келмеу;
3) бұрын қосылмаған объектілерді жылу желілеріне қосу;
4) сыртқы жылумен жабдықтаушы схемасының өзгеру жағдайларында беріледі.

9. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде жылу желілеріне жаңадан салынған кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кезектерін немесе жекелеген өндірістерді, қолданыстағы кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, жылуды тұтынатын қондырғылар мен жылу желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды береді.

10. Тұтынушы техникалық шарттарды алу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға өтінім береді. Өтінімде:
1) объектінің атауы;
2) объектінің орналасқан жері;
3) тапсырыс беруші ұйымның толық атауы, мекенжайы және телефоны;
4) жоба болған жағдайда: жобаланатын объектіні салуды сипаттайтын деректер, оны салу ұзақтығының нормативтік мерзімдері және объектіні пайдалануға берудің белгіленген мерзімдері, технологиялық қажеттіліктер, жылыту және желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету;
5) тұтыну түрлері бойынша жүктемесінің сипаттамасы (тұрмыстық тұтынуға арналған жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар үшін техникалық паспорт) көрсетіледі.
Қажеттілік туындаған жағдайда, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым осы Қағидалардың 13 тармағында көрсетілген жылумен жабдықтау мәселелеріне қатысты тұтынушының қосымша деректерін талап етеді.

11. Тұтынатын жылу энергиясын немесе жылу жеткізгіштің мөлшерін өзгертуді қажет ететін тұтынушының жылу тұтыну қондырғыларын қайта құру немесе кеңейту кезінде тұтынушы қосуға арналған техникалық шарттар алғанға дейін енгізілген өзгерістерді ескере отырып, оны энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жаңа техникалық шарттар ресімдеуге ұсыну үшін жылумен жабдықтау жобасын әзірлейді.

11-1. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілетін Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларда техникалық шарттарды беру тәртібі көрсетілген Қағидалармен анықталады.

Ескерту. Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 № 678 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

12. Қосалқы тұтынушылар, тұтынушылардың жылу желілеріне қосылатын жылу тұтыну қондырғылары, техникалық шарттарды тұтынушыдан алады және тұтынушыға техникалық шарттарды берген энергия беруші (энергия өндіруші) ұйыммен келісіледі.
Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның қосалқы тұтынушыларға техникалық шарттарды тұтынушының келісімімен беруіне жол беріледі.

13. Жылу желілеріне объектіні қосуға арналған техникалық шарттарда:
1) жылумен жабдықтау көзі, жылу желілеріне қосу нүктесі, жіберілетін жылу энергиясының мөлшерін реттеу тәсілі;
2) басқа тұтынушылардағы жүктемелерді ескере отырып, негізгі және резервтік енгізуді қосу нүктелеріндегі жылу жеткізгіштің параметрлері және гидравликалық режимі;
3) басқа тұтынушылардың жүктемелерін қосу перспективасын ескере отырып, негізгі тұтынушының жүктемесі (қажеттілігі бойынша);
4) қолданыстағы жылу желісіндегі өткізгіштік мүмкіншілікті арттыру қажеттілігі бойынша негіздеме;
5) қайтарылатын өндірістік конденсаттың мөлшері, сапасы және қайтару режимі, конденсатты жинау және қайтару схемасы (қажеттілігі бойынша);
6) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарын орнату бойынша талаптар;
7) жылыту-желдету және технологиялық жүктемені қосудың және ыстық сумен жабдықтау жүктемесінің жылу схемасы көрсетіледі.

14. Тұтынушылардың жылу тұтыну қондырғыларын қосу мақсатында энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым берген техникалық шарттарды орындау тұтынушылар үшін де, сондай-ақ олардың жобалау және құрылыс ұйымдарына да қажет.
Жылумен жабдықтау және жылуды тұтыну жүйелерінің құрылысы мен қайта құру жөніндегі жұмыстарды қызметтің тек осы түріне рұқсаты бар ұйымдар, жобаны келіскен барлық мүдделі ұйымдардың келісімі бойынша ғана орындайды.
Техникалық шарттардың әрекет ету мерзімі тұтынушылардың жылу желілерін және жылу тұтыну қондырғылары құрылысы мен жобалау нормативтік мерзімдерін ескере отырып, бірақ бір жылдан кем емес мерзімге белгіленеді.

15. Кәсіпорынның, ғимараттың, құрылыстардың, олардың кезектерінің немесе жекелеген өндірістерінің құрылыс жобалары энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдармен құрылыс алаңын таңдау және жобалау тапсырмасын дайындау сатысында келісіледі және жылу желілеріне объектіні қосуға арналған техникалық шарттарда көрсетіледі.
Сарапшы ұйымдар он күн күнтізбелік мерзімге дейін техникалық шарттарда, нормативтік құжаттарда берілген қабылданған жобалау шешімдерінің сәйкестігін тексереді және өз қорытындысын береді.
Кәсіпорынды, ғимаратты, құрылысты, оның кезегін немесе жекелеген өндірісін жобалау кезінде техникалық шарттардан ауытқу қажеттілігі туындаған жағдайда, осы ауытқулар энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.

16. Техникалық шарттарда көрсетілген талаптардың негізділігіне күдік туындаған жағдайда, тұтынушы энергетикалық сараптама жүргізу үшін сарапшы ұйымына жүгінеді. Тұтынушының сауалы негізінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға сарапшы ұйым сауал жолдағанда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады.
Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптардың негізсіздігі туралы энергетика сараптамасының қорытындысы негізінде қайтадан энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттарды алуға өтінім береді.
Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуге қайта бас тартқан жағдайда, тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның әрекетіне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында орнатылған тәртіпке сәйкес шағым түсіреді.
Техникалық шарттарды беру мен қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.

17. Тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға сыртқы жылу желілерінің, жылу торабының, есепке алу құралдарының" жылытудың ішкі жүйесінің жобаларын келісуге жібереді.
Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жобаны ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде келіседі немесе дәлелді бас тарту жауабын береді.
Жоба объектіні жылу желілілеріне қосуға арналған техникалық шарттарға және электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеген жағдайда дәлелді бас тарту беріледі.
Осы тармақтың талаптары "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 № 678 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

18. Объектінің иесі өзгерген жағдайда, жаңа жеке меншік иесі меншік құқығы тіркелген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымды иесінің өзгергені туралы хабарлайды. Иесі өзгергенде, меншік иесі ауысқанда бұрын берілген техникалық шарттарды қайта ресімдеу жүргізілмейді.
Энергиямен жабдықтау шарты және теңгерімдік тиесілік және пайдалану жауапкершілігі шекараларын бөлу актісі қайта ресімдеуге жатады.

19. Жылу желілеріне нақты қосылу тұтынушының аталған жұмыс (қосылу бойынша) ақысын Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасына сәйкес төлегеннен кейін, жазбаша өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жүзеге асырады.

Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 № 228 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

20. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосылғанына дейін тұтынушы мына әрекеттерді жүзеге асырады:
1) жылу торабын салған соң, есепке алу құралдары мен жылумен жабдықтаудың ішкі жүйесін монтаждаған соң энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының өкілін ары қарай акт ресімдеу үшін қайта жөнделген жабдықты жуу және тығыздау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қабылдауға шақырады;
2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның өкілдерімен бірге теңгерімдік тиесілік пен пайдалану жауапкершілігінің шекараларын бөлу актілерін ресімдейді;
3) паспортты ресімдеп, дроссель құрылғыларының (шүмек, тығын) өлшемін алады. Дроссель құрылғыларын дайындау нормативтік-техникалық құжаттамаға және алынған есептерге сәйкес жүргізіледі. Дроссель құрылғыларын орнату кезінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының өкілін пломбалау үшін шақырады;
4) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға алдағы жылыту маусымдарына жылу тұтынатын құрылғылардың және жылу желілерінің техникалық дайындығына акті алу үшін жуу, сығымдау және жөндеу актілерін ұсынады.

Байланыстар

Телефон: 8 (726) 234-35-87 (приемная)
Телефон: 8 (726)2-34-37-28 (диспетчер)
Почта: taraztrans1@mail.ru
Мекен-жайы: Исатай көшесі 8А
Жұмыс уақыты
8:30 - 17:30 ДС - ЖМ
Made on
Tilda