ТаразТрансЭнерго
Қызметтер
Жеке тұлғаларға

1.1. Жалпы үйлік есептеуіш құралдарын тексеру
1.2. Жылыту және ыстық сумен қамтамсыз ету жүйелерін техникалық қызмет көрсету
1.3. Элеватор торабын тексеру
1.4. Диаметрі 100 мм дейінгі құбыржолы учаскесін ауыстыру, ұзындығы 2 м дейінгі бір құбырды алмастыру
1.5. Диаметрі 150 мм дейінгі тиек арматурасын тексеру
1.6. Диаметрі 80 мм дейінгі тиек арматурасын тексеру
1.7. Тұтынушылардың теңгеріміндегі 100 т. м. дейінгі сыртқы жылу желілерін су қысымымен тексеру
Заңды тұлғаларға

2.1. Жылу есептегіш аспаптарын тексеру
2.2. Жылыту жүйесіне және ыстық сумен жабдықтауға техникалық қызмет көрсету
2.3. Элеватор торабын тексеру
2.4. Диаметрі 100 мм дейінгі құбыржолы учаскесін ауыстыру, ұзындығы 2 м дейінгі бір құбырды алмастыру
2.5. Диаметрі 150 мм дейінгі тиек арматурасын тексеру
2.6. Диаметрі 80 мм дейінгі тиек арматурасын тексеру
2.7. Жеке тұрған заңды тұлғаның ішкі жылу жүйесін су қысымымен тексеру

Жылу желілерін жобалауға және қосуға техникалық шарттар беру
9. Энергия беруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде жаңадан салынып жатқан кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кезектерін немесе жекелеген өндірістерді жылу желілеріне қосуға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, жылу тұтынатын қондырғылар мен жылу желілерін реконструкциялауға техникалық шарттар береді.

10. Техникалық шарттарды алу үшін тұтынушы энергия беруші ұйымға өтінім береді.

11. Тұтынылған жылу энергиясының мөлшерін немесе жылу жеткізгіш параметрлерін өзгертуді талап ететін тұтынушының жылу тұтыну қондырғыларын қайта құру немесе кеңейту кезінде тұтынушы оларды қосуға арналған техникалық шарттарды алғанға дейін енгізілген өзгерістерді ескере отырып, оны энергия беруші ұйымға жаңа техникалық шарттарды ресімдеуге ұсыну үшін жылумен жабдықтау жобасын әзірлейді.
11-1. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілетін құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларда техникалық шарттарды беру тәртібі көрсетілген қағидалармен айқындалады.

12. Қосалқы тұтынушылар, тұтынушылардың жылу желілеріне қосылатын жылу тұтыну қондырғылары техникалық шарттарды тұтынушылардан алады және тұтынушыға техникалық шарттарды берген энергия беруші (энергия өндіруші) ұйыммен келісіледі.

13. Объектіні жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарда көрсетіледі.

14. Тұтынушылардың жылу тұтыну қондырғыларын қосу мақсатында энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым берген техникалық шарттарды орындау тұтынушылар үшін де, олардың жобалау және құрылыс ұйымдары үшін де қажет.

15. Кәсіпорындардың, ғимараттардың, құрылыстардың, олардың кезектерінің немесе жекелеген өндірістердің құрылыс жобалары құрылыс алаңын таңдау және жобалауға тапсырма дайындау сатысында энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйымдармен келісіледі және объектіні жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарда көрсетіледі.

16. Техникалық шарттарда көрсетілген талаптардың негізділігіне күмән туындаған жағдайда, тұтынушы энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді. Сараптама ұйымы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жүгінген кезде тұтынушының өтініші негізінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады.

17. Тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға сыртқы жылу желілерінің, жылу торабының, есепке алу аспаптарының, ішкі жылу жүйесінің жобаларын келісуге жібереді.

18. Объектінің иесі өзгерген жағдайда, жаңа меншік иесі меншік құқығы тіркелген кезден бастап он жұмыс күні ішінде энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымға иесінің ауысқаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Иесі өзгерген, меншік иесі ауысқан кезде бұрын берілген техникалық шарттарды қайта ресімдеу жүргізілмейді.

19. Жылу желілеріне нақты қосуды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының жазбаша өтініші бойынша осы жұмысқа ақы төленгеннен кейін (қосу бойынша) заңнамаға сәйкес жүзеге асырады

20. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желісіне қосылғанға дейін тұтынушы мынадай әрекеттерді жүзеге асырады.

Байланыстар

Телефон: 8 (726) 234-35-87 (приемная)
Телефон: 8 (726)2-34-37-28 (диспетчер)
Почта: taraztrans1@mail.ru
Мекен-жайы: Исатай көшесі 8А
Жұмыс уақыты
8:30 - 17:30 ДС - ЖМ
Made on
Tilda